ФОРУМ БАСТАЛУЫНА:
: : :
  • күн
  • сағат
  • минут
  • секунд

Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің І форумы басталды

Қыркүйек 04,2019

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің І форумы басталды.

Халықаралық форум 4-6 қыркүйек күндері елордада өтеді. Аталған іс-шараны Қазақстан Жазушылар одағы ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіп отыр.

Конгресс-орталықта өтіп жатқан форум барысында «Азия әдебиетінің жауһарлары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл форум Азия континентінде орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, одан әрі дамыту һәм егеменді еліміздің бүгінгі кескін-келбетін, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерістің дамуына қатысты Азия елдерімен тәжірибе алмасу сынды бірқатар мақсат-міндеттерді көздейді.

Азия елдері қаламгерлерінің І форумында аталмыш құрлықты мекен еткен 44 мемлекеттен Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN әдеби жүлдесінің жеңімпаздары, ұлттық, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері һәм Жазушылар одағы мен ассоциацияларының төрағалары сынды 90-ға жуық ақын-жазушылар мен еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған қаламгерлер бас қосты.

Дереккөз: osken-onir.kz