ФОРУМ БАСТАЛУЫНА:
: : :
  • күн
  • сағат
  • минут
  • секунд

Гун-Аажавын Аюрзана

Аюрзана Гун-Аажав 1970 жылы Баянхонгорда дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Ресейге, Мәскеуге оқуға кеткен. Максим Горький атындағы Әдебиет институтының «Әдебиеттану» факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған. Моңғолияға оралғаннан кейін, 1994-2000 жылдары журналист болып жұмыс істеді. 1991 жылы Аюрзана әйгілі заманауи ақын Өлзийтөгске үйленді. Қазір олардың үш баласы бар: екі ұлы мен қызы.

24 жасында Аюурзана өзінің алғашқы «Балалық шақ өлеңдері» («Infant poems») атты кітабын шығарды. Оның жетінші өлең кітабы 2009 жылы, сондай-ақ топтама өлеңдері 2013 жылы «Медитация» («Meditations») деген атпен жарық көрді.

Оның алғашқы «Иллюзия» («The Illusion») романы (немесе «Сиқырлы сағым» («The Magic Mirage»)) 2003 жылы жарық көрді. Романда коммунистік кезеңдегі қарапайым моңғол отбасы мен олардың ұрпақтарының социализмнен кейінгі өмірі суреттеледі. Роман «Алтын қауырсын» ұлттық әдеби сыйлығына ие болды. 2005 және 2007 жылдары Аюрзана өзінің «Он арманның қарызы» («The Debt of Ten Dreams») және «Жаңғырықтан туған» («Born of Echo») романдарын жариялады. Бұл үш роман «Өлген адамның өмірі» («The Life of Dead Man») пьесасымен бір уақытта жарияланып, бір трилогияға айналды. 2006 жылы АҚШ-та Аюрзана мен Өлзийтөгстің үш поэтикалық оқулары ұйымдастырылды: Индиана университетінде, Айова университетінде және Вашингтондағы Моңғолия мәдени орталығында.

Оның Солтүстік Моңғолиядағы бақсылық туралы «Бақсы аңызы» («The Legend of the Shaman») атты романы 2010 жылы Ұлан-Батырда басылып шығып, заманауи моңғол әдебиетінде көп оқылатын кітаптардың біріне айналды. Роман моңғол ұлттық радиосы арқылы толық мәтінмен таратылып, «Алтын қауырсын» жүлдесін жеңіп алды. Монғолияның Гоо Марал академиясы бұл романды «ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы – 2001-2010 жылдардағы ең үздік әдеби шығарма» деп атады.

Аюрзананың өлеңдері 30-дан астам тілге, оның ішінде венгр, серб, македон, түрік және мальт тілдеріне аударылды. «Өлі құстың қанаты» («The Wing of Dying Bird») мен «Бақсы аңызы» («The Legend of the Shaman») романдарының кәріс тіліндегі аудармасы және «Он арманның қарызы» («The Debt of Ten Dreams») романының орыс тіліндегі аудармасы оқырмандар арасында үлкен резонанс туғызды. Мәскеу әдеби институтының профессоры С.М.Казначеев орыс, поляк, жапон, кәріс және ағылшын тілдеріне аударылған «Қарлы романс» («Snow Romance») қысқа әңгімесін Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» («The Old Man and The Sea») атты повестімен бір деңгейдегі шығарма ретінде көрсетті.

Оның соңғы «Қасиетті Хангай тауларының құпиялары» («Mysteries of Sacred Khangay Mountains», 2017) және «Рух формуласы» («Spirit Formula», 2019) атты романдары бұрынғы «Шүгден» («Shugden», 2012), «Ақ, қара, қызыл» («White Black Red», 2014) және «Пульс» («The Pulse») (2015) сияқты романдардың сарынында жазылған.

2009 жылы Аюрзанаға өз елінің мәдени саласындағы ең беделді марапат болып есептелетін «Құрметті Мәдениет қайраткері» атағы берілді.

2000 жылдан бастап ол штаттан тыс жазушы болып табылады.