Биыл «Букер» сыйлығын екі жазушы алды

Қазан 15,2019

Бұл жылы «Букер» сыйлығын тағайындайтын қазылар алқасы сыйлықты екі жазушыға беруге шешім қабылдаған. Оның бірі канадалық Маргарет Этвуд те, екіншісі ұлыбританиялық Бернардин Эваристо.

Маргарет Этвуд – канадалық ағылшын тілінде жазатын қаламгер әрі ақын, әдебиеттанушы, табиғатты қорғаушы және феминист. 1987 жылы «Күңнің ертегісі” шығармасы үшін “Артур Кларк” сыйлығының лауреаты атанған, сонымен бірге жазушы «Аустрия» сыйлығының ханшайымы және «Канада генерал-губернаторы» сыйлығының жүлдегері (екі рет). Маргерет бұдан бөлек, «Франц Кафка» атындағы сыйлықтың да иегері. Маргарет Атвуд бестселлерге айналған  сериялы “Ұстаз ертегісі” романының жалғасы ретінде жазылған “Өсиеттер” романы үшін биыл «Букер» сыйлығының лауреаты атанды. Атвуд ханым бес рет аталған жүлденің тізіміне еніп, 2000 жылы “Соқыр қанішер” романынымен де «Букер» иегері атанған. 

Бернардин Эваристо британдық қара әйелдер туралы баяндайтын “Қыз, әйел, бәрі де” романы үшін «Букер» сыйлығына ие болды. Эваристо ханым бұл марапатқа қол жеткізген алғашқы қара нәсілді қаламгер. 

Барлығы 6 жазушы марапаттың қысқа тізіміне енген. Жеңімпаз 50 мың фунт стерлингке ие болады.

Айта кетейік, «Букер» сыйлығы – ағылшын әдебиеті әлеміндегі ең беделді марапаттардың бірі. 2013 жылға дейін ол Ұлттар достастығы елдерінің бірінде, Ирландияда немесе Зимбабведе тұратын авторға ағылшын тілінде жазылған романы үшін берілетін. 2014 жылдан бастап жүлде автордың азаматтығына қарамастан, ағылшын тілінде жазылған роман үшін беріле бастады.  Жеңімпаз 50 мың фунт стерлинг алады (2002 жылға дейін – 21 мың). Марапаттың алғашқы тұсаукесері 1969 жылы өтті. 2002 жылдан бастап Man Group компаниясы Booker сыйлығына демеушілік жасайды, сондықтан марапаттың толық ресми атауы – The Man Booker Prize.

Аталған сыйлық өз ішінде халықаралық «Букер» сыйлығы  (Man Booker International Prize) және «Азия букері» (The Man Asian Literary Prize) болып үшке бөлінеді. «Азия букері» 2007-2012 жылдар аралығында Азия құрлығындағы жазушыларға табысталған (бүгінде тағайындалмайды). Жеңімпаз 30 мың доллар ақшалай сыйлыққа ие болатын болған. Ал халықаралық “Букер” сыйлығы әлі тағайындалып келеді. Жеңімпаз 50 мың фунт-стерлингті аудармашы екеуі бөліп алады. 2019 жылғы беделді халықаралық “Букер” сыйлығы (Man Booker International Prize) Оман жазушысы Джоха Альхартхиға (Jokha Alharthi) бұйырған жазған едік.

Массагет порталы